Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.12 № 1311 ҚАУЛЫСЫ

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға
қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 Қаулысы

(2009.03.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі;

2) өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1311 қаулысымен

бекітілген

 

 

Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау

ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және өнеркәсіп саласындағы:

1) электр және жылу энергияларын өндіру, беру және тарату, электр станцияларын, электр желілері мен шағын электр станцияларын пайдалану;

2) тау-кен, мұнай-химия, химия, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалау және пайдалану, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін сақтау объектілерін, магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын пайдалану;

3) минералдық шикізатты қайта өңдеу (кеңінен таралған пайдалы қазбаларды қайта өңдеуді қоспағанда);

4) тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыс объектілерін газдандыру жүйесін пайдалану;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку