(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.30.06 № 624 ҚАУЛЫСЫ
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 10 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Астана қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Жоспарда көзделген іс-шараларды іске асыруды қамтамасыз етсін және Астана қаласының әкіміне жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Астана қаласының әкімі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспар іс-шараларының орындалуы туралы жиынтық ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі К.Қ. Мәсімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Мини стрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2005 жылғы 30 маусымдағы
№ 624 қаулысымен
Бекітілген
Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының
2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
Редакция документа
Демо – версия документа