Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 Қаулысы (2011.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 Қаулысы

(2011.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 10 қарашадағы

№ 1803 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін

өзгерістер мен толықтырулар

 

1. ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 742 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында:

«Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде:

реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ҚІжТКША» - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».

3. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 249-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«II кезең 2009 - 2010 жылдар» деген бөлімде:

«Инвестициялық саясат» деген кіші бөлімде:

«2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту» деген тарауда:

реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«6. Мәдениет және спорт» деген тарауда:

реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы» деген тарауда:

реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

«8. Қаланы абаттандыру» деген тарауда:

реттік нөмірлері 126, 127, 128, 130-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 51-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

«5. Орнықты экономикалық прогресс» деген бөлімде:

«5.1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» аббревиатурамен ауыстырылсын;

«5.2. Орнықты және серпінді технологияларды енгізу» деген кіші бөлімінде:

реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «КІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».

5. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 2.1-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».

6. ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

7. ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

8. ҚР Үкіметінің 2011.11.02. № 130 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

9. «2009 — 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» деген бөлімде:

реттік нөмірі 38-жолдың 4-бағаны «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен толықтырылсын;

«6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

«9. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде:

реттік нөмірі 80-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпе «ҚҚА — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ҚІжТКША — Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».

10. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде:

реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;

«3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу» деген бөлімде:

реттік нөмірлері 9, 10-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпедегі «ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер алынып тасталсын.

11. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:

«2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:

реттік нөмірлері 15, 18 және 19-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпе «ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».

12. ҚР Үкіметінің 2011.29.11. № 1389 Қаулысымен күші жойылды (2012 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции