(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004.15.12. № 1324 ҚАУЛЫСЫ
Жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттерiн бекiтудiң кейбір
мәселелерi туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысы
(2009.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 6 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1-қосымшаға сәйкес жергілiктi атқарушы органдардың штат санының лимиттері мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкiмдерi орынбасарларының шектi саны;
2) 2-қосымшаға сәйкес кенттер, ауылдар (селолар), ауылдық (селолық) округтер әкiмдерiнiң аппараттары штат санының лимиті бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.
3. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкiмдерi:
1) осы қаулыға 3-қосымшада белгiленген жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының нормативтерiн сақтай отырып, жергiлiктi бюджеттерде бар қаражат шегiнде, жұмыс iстейтiн қызметкерлер үшін заңнамада белгіленген кепiлдiктердi қамтамасыз ете отырып, осы қаулыға 1-қосымшада белгiленген штат санының лимиттерi шегiнде әкiмдер аппараттары мен облыстардың, Алматы және Астана қалаларының атқарушы органдарының штаттық кестелерiн бекiтсiн;
Редакция документа
Демо – версия документа