(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.16.08 № 773 ҚАУЛЫСЫ
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің
және келісудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 Қаулысы
(2007.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңы 14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 16 тамыздағы
№ 773 қаулысымен
Бекітілген
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу
ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 999 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Осы Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қоспағанда, жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық кесімдерінің, сондай-ақ мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің (бұдан әрі - мемлекеттік органдар) жобаларын ресімдеудің және келісудің тәртібін айқындайды.
2. Нормативтік құқықтық кесімдерді ресімдеу
2. Нормативтік құқықтық кесімдерде мынадай деректемелер болуға тиіс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы;
Редакция документа
Демо – версия документа