(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.11 № 1124 ҚАУЛЫСЫ
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін
және депозитарийді жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1124 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі бекітілсін.
2. «Мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу және Ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қазандағы № 1075 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 21 қарашадағы
№ 1124 қаулысымен
бекітілген
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық
жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді
жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
Ереже Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) және ақпараттық жүйелердің, бағдарламалық өнімдердің, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманың депозитарийін (бұдан әрі - депозитарий) жүргізу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік тіркелімді жүргізу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:
Редакция документа
Демо – версия документа