Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1706 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1706 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін.

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

12 «Көлік және коммуникация» деген функционалдық топта:

215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі» деген әкімші бойынша:

002 «Республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамыту» деген бағдарламада:

005 «Ішкі көздер есебінен» деген кіші бағдарламада:

3-бағанда:

«Көкшетау қаласын айналма жолын қоса «Щучье - Көкшетау - Петропавл - Ресей Федерациясы шекарасы» автожолын қайта жаңарту» деген жолда «4 970 400» деген сандар «5 470 400» деген сандармен ауыстырылсын;

«Щучье-Бурабай» курорттық аймағы» туристік ойын-сауық орталығына кіру жолы» автожолын салу» деген жолда «1 050 000» деген сандар «550 000» деген сандармен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки

Создать новую папку