(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 30.01.03 Ж. № 106 ҚАУЛЫСЫ
Азаматтық авиация саласындағы кейбір нормативтiк құқықтық
кесiмдердi бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 ж. 30 қаңтардағы № 106 қаулысы
(2008.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тiркеу ережесi;
2) Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларды және олар көрсететiн қызметтердi сертификаттау ережесi;
3) ҚР Үкіметінің 2008.29.09. № 891 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
4) Аса жеңiл авиация саласындағы сертификаттау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қаңтардағы
№ 106 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiн, оларға
арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді
мемлекеттік тiркеу
ЕРЕЖЕСI
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 12 қазандағы № 934 Қаулысымен 1- тармақ өзгертілді ( алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі ) (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа