«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1651 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 қазандағы № 1651 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
09 «Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану» функционалдық тобында:
231 «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» әкімшісі бойынша:
024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасында:
«Астана қаласы» бөлімінде:
«Астана қаласындағы жұмыс істеп тұрған электр жүйесін қайта жаңғырту» деген жолда:
«1000000» деген сандар «521601» деген сандармен ауыстырылсын;
«Астана қаласында «14 тұрғын үй ауданы» 110/10 кВ ШС салу» деген жолда:
«121093» деген сандар «563330» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Астана қаласында «Көктем» 110/10 кВ ШС салу | 36162 |
|
|
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |