Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.29.07. № 789 ҚАУЛЫСЫ

Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын
пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және
(немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып
алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 Қаулысы

(2009.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 13 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) қатысу үлестерiн (акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

2. Қоса берiлiп отырған:

1) Комиссияның құрамы;

2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2006.02.03. № 144 (бұр. ред. қара); 2006.07.09. № 848 (бұр.ред.қара); 2007.12.10. № 930 (бұр.ред.қара); 2008.24.04. № 385 (бұр.ред.қара); 2008.20.12. № 1190 (бұр.ред.қара); 2009.08.06. № 855 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 29 шілдедегі

№ 789 қаулысымен

бекітілген

 

Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер

қойнауын пайдаланудың иелiктен алынатын құқығын (оның бiр

бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерiн

(акциялар пакеттерiн) мемлекеттiң сатып алуы

мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық

комиссияның құрамы

 

Мыңбаев

Сауат Мұхаметбайұлы

- Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық

ресурстар министрі, төраға

 

Шыналиев

Ғазиз Қоршабекұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-

Министрі Кеңсесінің Индустриялық-

инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары

 

Қосынов

Алмас Олжабайұлы

- Қазақстан Республикасының

Индустрия және сауда вице-министрі

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку