(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.31.05. № 477 ҚАУЛЫСЫ
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
| Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 31 мамырдағы
№ 477 қаулысымен
бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізуге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің құқығын тану үшін әзірленді.
2. Мыналар аккредиттеуге жатады:
республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері;
облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік;
қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер.
3. Егер, аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестіктер үміткер болған жағдайда, онда осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі) қызметкерлердің жиынтығында ауқымды саны бар бірлестік аккредиттеуге жатады.
Редакция документа
Демо – версия документа