(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 10.10.02 Ж. № 401 Қ...
Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және
құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметiн лицензиялау және
реттеу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысы
(2008.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.18.10. № 128 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Басқармасы қаулы етеді:
ҚР ҰБ Басқармасының 2005.18.10. № 128 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметiн лицензиялау және реттеу ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап жетi күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау, жiберу жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы | Г. А. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Банк болып табылмайтын
заңды тұлғалардың банкноттарды,
металл ақшаны және
құндылықтарды инкассациялау
жөніндегі қызметін
лицензиялау және реттеу
Редакция документа
Демо – версия документа