(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАҢТАРДАҒЫ № 273 Ж...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы
(2008.18.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 3 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың мынадай негізгі қағидаттары белгіленсін:
1) кезеңдердің біртіндеушілігі мен дәйектілігі;
2) реформалаудың алға қойылған міндеттерінің кешенділігі және ұсынылып отырған шешімдердің жүйелілігі;
3) транспаренттілік;
4) қабылданған шешімдерді іске асырудың тұрақты мониторингі;
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігі.
2. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі мыналарға негізделсін:
1) өңірлердің дербестігін сақтау барысында орталық мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау функцияларының тиімділігін арттыру;
2) атқарушы биліктің әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарда икемділікті арттыру;
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін тәуелсіз сыртқы бағалау/оның аудиті;
4) мемлекеттік қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшін жағдай жасау;
5) мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру;
6) бюджет процесіне жаңа тәсілдер енгізу;
7) мемлекеттік менеджменттің соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдістерін енгізу;
8) сыбайлас жемқорлықты азайту.
3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиіс деп белгіленсін:
1) мемлекеттік басқарудың процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы жетілдіру;
2) мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін, тиімділігін және оның үйлесімділігін арттыру.
4. Қоса беріліп отырған мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.
5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа