Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1374 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1374 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 1184 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

08 «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» деген функционалдық топта:

205 «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі» деген әкімші бойынша:

009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:

«Астана қаласы» деген кіші бөлімде:

«Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы» деген жолда:

2-бағандағы «Астана қаласындағы теннис кешенінің құрылысы» деген сөздер «Астана қаласындағы теннис кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және салу» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-бағандағы «1 583 590» деген сандар «507 150» деген сандармен ауыстырылсын;

«Қазақстан» спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру» деген жолда:

2-бағандағы «Қазақстан» спорт сарайын хоккей-жаттығу қосымша ғимаратын сала отырып, қалпына келтіру» деген сөздер «Астана қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын сырғанақ тебетін мұз айдынын қосымша сала отырып, жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және қалпына келтіру» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-баған «545 664» деген сандармен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«Астана қаласында теннис кортын салу 530 776».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                   

 

К. Мәсімов

 

 

 

 

 

Укажите название закладки

Создать новую папку