(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ТАСЫМАЛДАУШЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘНӘ БАР ҚАТЫНАСТАР БО...
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар
тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1188 қаулысы
(2008.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Teмip жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiліп отырған Тасымалдаушының әлеуметтік мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 11 қарашадағы
№ 1188 қаулысымен
бекітілген
Тасымалдаушының әлеуметтiк мәні бар қатынастар
бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына
байланысты залалдарын
субсидиялау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тасымалдаушының әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруына байланысты залалдарын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және әлеуметтiк мәнi бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын (бұдан әрi - субсидиялау) айқындайды.
2. Әлеуметтік мәнi бар қатынастар (бұдан әрi - қатынастар) бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі конкурстың (бұдан әрi - конкурс) нәтижелерi бойынша анықталған тасымалдаушының залалдары субсидиялауға жатады.
3. Конкурсты өткiзудi ұйымдастырушылар:
1) облысаралық қатынастар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестірудi, реттеудi және бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкiлетті орган);
Редакция документа
Демо – версия документа