(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.13.02. № 102 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық
көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 102 Қаулысы
(2008.14.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Бағдарламаның орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жыл сайын, 10 шілдеге және 10 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 13 ақпандағы
Редакция документа
Демо – версия документа