Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 13.10.04 Ж. № 1050 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен
дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қазандағы № 1050 қаулысы

(2007.28.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегi іс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Iс-шаралар жоспары) бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мүдделi министрлiктер, ведомстволар, сондай-ақ мемлекеттік органдар (келісiм бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдері:

1) Iс-шаралар жоспарының тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 5-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының iске асыру барысы туралы талдамалы ақпаратты ұсынсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгі жарты жылда бiр рет, есептi жарты жылдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

ҚР Үкіметінің 2005.21.10. № 1061 (бұр.ред.қара); 2007.28.03. № 234 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ жаңа редакцияда

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге жүктелсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

 

 

 

 

Д. К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2004 жылғы 13 қазандағы

№ 1050 қаулысымен

Бекiтiлген

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку