(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.30.07. № 268 ҚАУЛЫСЫ
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру
және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 268 қаулысы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 73 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы ұсынылып отырған Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы туралы есепті бекіту жөніндегі ереже бекітілсін.
2. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.25.03. № 73 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналар өзінің күшін жойды деп танылсын:
1) «Жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру және акциялар шығарылымын жою қорытындысы жөніндегі есепті бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2443 тіркелген, 2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы» басылымында жарияланған, 17);
Редакция документа
Демо – версия документа