(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 993 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысы
(2009.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 9 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі агенттiгiнiң мүлкiн жедел басқару құқығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiне берсiн.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң қарауындағы ұйымдардың тізбесi бекітілсiн.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi штат санының лимитi 307 бiрлiк санында белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 19.11.02 ж. № 1221 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөнiндегі агенттігін және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен берілетін штат санының шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
5. ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
6. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
7. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де қажеттi шараларды қабылдасын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Редакция документа
Демо – версия документа