Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2003 Ж. 4 ШІЛДЕДЕГІ № 474-ІІ ЗАҢЫ

Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және
қадағалау туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі № 474-ІІ Қазақстан
Республикасының Заңы

(2008.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 11 шілдеде  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Жалпы ережелер                             (1-6 баптар)
2-тарау. Уәкілетті органның мәртебесі,               (7-15 баптар)
         міндеттері, функциялары және өкілеттіктері
3-тарау. Қорытынды ережелер                          (16-17 баптар)

 

Осы Заң қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыру мен қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеу жөнiнде жағдайлар жасауға бағытталған.

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;

2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;

3) уәкiлеттi орган - қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) қаржы рыногы - қаржылық қызмет көрсету мен тұтынуға, сондай-ақ қаржы құралдарының шығарылуына және айналысына байланысты қатынастардың жиынтығы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку