Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.11 № 1121 ҚАУЛЫСЫ

«Қорқыт Ата әуежайы» мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының
кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1121 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қорқыт Ата әуежайы» мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдарының коммуналдық меншіктегі, жарияланған акцияларының жалпы санының 100 пайызы мөлшеріндегі акцияларының мемлекеттік пакеті заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:

1) Қызылорда, Қостанай облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын;

2) «Қорқыт Ата әуежайы» мен «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне берсін.

3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2007 жылғы

21 қарашадағы№ 1121 қаулысымен

бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку