Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысы (2014.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 Қаулысы

(2014.25.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 543 Қаулысымен күшi жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2014.25.04. № 398 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Инвестициялар туралы» 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған инвестициялық стратегиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2014.25.04. № 398 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2009 жылғы 1 қыркүйектегі

№ 1293 қаулысымен

бекітілген

 

Инвестициялық стратегиялық жобалардың

тізбесі

 

Р/с

Жобаның атауы

1

2

1

Хлор мен каучук содасын мембраналық әдіспен өндіруді ұйымдастыру

2

Екібастұз МАЭС-2 кеңейту және қайта жаңарту

3

Екібастұз МАЭС-1 қайта жаңарту және кеңейту

4

Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру

5

Метталлургиялық қайта бөлу мен инфрақұрылым объектілерін қамтитын металлургиялық кешен салу

6

Атырау облысында алғашқы ықпалдастырылған газ-химия кешенін салу

7

Қазақстанда поликристалды кремний өндіретін зауыт салу

8

Мұнай мен құрғақ жүктерді аудару көлемін ұлғайту үшін Ақтау халықаралық теңіз сауда портын кеңейту

9

Балқаш ЖЭС-ін салу

10

Шымбұлақ тау шаңғысы курортын кешенді дамыту

11

Бейнеу - Бозой - Ақбұлақ магистралдық газ құбырын салу

12

Астана қаласында локомотив құрастыру зауытын салу

13

Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

14

Тараз металлургиялық зауытында ферроқорытпа өндірісін кеңейту және жаңғырту

15

Мойнақ СЭС-ін салу

16

Ақшабұлақ кен орнында ГТЭС салу

17

Орал ГТЭС салу

18

Қазақстанның ұлттық электр желісін жаңғырту, 2-кезең

19

Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

20

Шымкент мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

21

Павлодар мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту және жаңғырту

22

Калий тыңайтқыштарын өндіру

23

Күкірт қышқылын өндіру

24

Р65 түріндегі магистралдық рельстер шығару

25

Цифрлы телевидение жасау

26

Астана қаласында фармацевтикалық фабрика салу

27

Мемлекеттік медицина ұйымдары үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының бірыңғай дистрибуциясы жүйесін құру

28

Астана қаласындағы локомотив құрастыру зауытында шығарылатын тепловоздармен локомотив паркін жаңарту

29

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы «Бәйтерек-А» акционерлік қоғамы базасында электровоздар шығаруды ұйымдастыру

30.

«Казхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы - Ақтөбе ферроқорытпа зауытының феррорхром өндіру жөніндегі № 4 балқыту цехын жобалау және салу

 

 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

МАЭС - мемлекеттік аудандық электр станциясы

ЖЭС - жылу электр станциясы

СЭС - су электр станциясы

ГТЭС - газ-турбиналық электр станциясы

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции