(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 21 СӘУІРДЕГІ № 378 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы
(2006.20.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 14 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 18.08.03 № 1167 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының құрылымы бекітілсін.
ҚР Президентінің 11.02.02 ж. № 805 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 35, 436-құжат):
3-тармақтың 1) тармақшасы "есепті" деген сөзден кейін "және тікелей бағынатын" деген сөздермен толықтырылсын;
4, 5-тармақтардың күші жойылған деп танылсын;
2) тармақшаның күші жойылды
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 6 қарашадағы № 2600 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 наурыздағы № 2918 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 12, 88-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 17 қазандағы № 3692 Жарлығының 2-тармағы;
3) "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылымын жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 31 тамыздағы № 4034 Жарлығының 3-тармағының екінші абзацы, 1), 2), 3) және 4) тармақшалары.
Редакция документа
Демо – версия документа