(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 29.12.2008 № 292-Ө ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 292-ө Өкімі
Осы редакция 2009 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары тізбеге сәйкес белгіленген мерзімде:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевқа жүктелсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 292-ө өкімімен бекітілген
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін іске асыру
мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Р/с № | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы | ҚР Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ | 2008 жылғы желтоқсан |
2 | Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы | ҚР Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ | 2009 жылғы қаңтар |
Редакция документа
Демо – версия документа