Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 23 ҚАҢТАРДАҒЫ № 523 Ж...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы

(2009.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 16 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстанның жеке кәсіпкерлік субъектілерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік принциптерін қалыптастыру мен ілгерілету және оларды осы саладағы ең үздік тәжірибені енгізуге ынталандыру мақсатында қаулы етемін:

 

1. 2008 жылдан бастап жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу белгіленсін.

2. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия құрылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері;

2) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті 

 Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы қаңтардың 23-і.

                          № 523

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523

 Жарлығымен

бекітілген

 

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі

 «Парыз» конкурсын өткізудің ережелері

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы (бұдан әрі - конкурс) халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізудің мақсаттары:

1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін өз қызметкерлері үшін, сол секілді тұтас алғанда қоғам үшін де әлеуметтік мәселелерді шешуге ынталандыру;

2) осы саладағы қолда бар оң тәжірибені көрсету және кеңінен тарату.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку