(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.28.12 № 1334 ҚАУЛЫСЫ
Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1334 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы экономикасының орнықты өсуі және оны әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар:
1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 10 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы талдау ақпаратты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпаратты Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
|
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1334 қаулысымен
бекітілген
Отандық қаржы институттарының серпінді жобаларды
бірлесіп қаржыландыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға
арналған іс-шаралар жоспары
р/с № | Іс-шара | Аяқтау нысаны | Орындауға жауаптылар | Орындау мерзімі | Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
Редакция документа
Демо – версия документа