Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.28.11 № 1106 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі
2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1106 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығына және «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының агроөнөркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешені (бұдан әрі - Шаралар кешені) бекітілсін.

2. Шаралар кешенін іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенінде көзделген шығыстардың сомасы 2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтылауға және түзетуге жатады деп белгіленсін.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері Шаралар кешені бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен келісе отырып, өңірлік шаралар кешендерін әзірлесін және бекітсін.

4. Шаралар кешенін іске асыруға жауапты орталық және жергілікті

атқарушы органдар мен өзге де мүдделі ұйымдар (келісім бойынша):

1) Шаралар кешенін іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының Үкіметіне жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет, 25 қаңтарға және 25 шілдеге Шаралар кешенінің орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку