Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007 ЖЫЛҒЫ 28 АҚПАНДАҒЫ № 234-III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы

(2008.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Өзгерістерді қара - 2008.04.12. №  97-IV ҚР Заңы (2013 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енгізіледі)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-3 баптар)

2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілік жүйесi

(4-12 баптар)

3-тарау. Қаржылық есептілік

(13-19 баптар)

4-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық

есептілік жүйесін реттеу

(20-24 баптар)

5-тарау. Қорытынды ережелер

(25-26 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.

 

1-тарау.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - уәкілетті органның бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және осы Заңда көзделген, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша куәлікпен расталған, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы есепке алу құжаттары (бұдан әрі - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын, операцияның немесе оқиғаның жасалу фактісінің және оны жасауға берілген құқықтың қағаз және электрондық жеткізгіштегі құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) - кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердің аккредиттелген кәсіби ұйымы (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдардың бірлестігі болып табылатын коммерциялық емес ұйым;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку