(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007 ЖЫЛҒЫ 11 ҚАҢТАРДАҒЫ № 217-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Ақпараттандыру туралы
(2009.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
6-тарау. «Электрондық үкімет» аясындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелердің өзара | |
7-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң ақпараттандырудың құқықтық негіздерін белгілейді, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру, пайдалану және қорғау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
2) ақпараттық жұмыстар - электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді құру жөніндегі қызмет;
3) ақпараттық жүйе - ақпараттық процестерді іске асыруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Редакция документа
Демо – версия документа