(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ТУРАЛЫ 25.12.97 Ж. № 210-1 ҚР ЗАҢЫ
Энергия үнемдеу туралы 1997 ж. 25 желтоқсандағы № 210-1
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.10.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар)
2-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 12 баптар)
3-тарау. Энергия үнемдеудің экономикалық механизмі (13 - 14 баптар)
4-тарау. Жаңғыртылатын энергия көздері (15 бап)
5-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы білім беру, ақпаратпен (16 - 18 баптар)
қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер
6-тарау. қорытынды ережелер (19 - 20 баптар)
Осы Заң Қазақстан Республикасының отын-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қоршалған ортаны қорғау үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасау мақсатымен энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-бап. Негiзгi ұғымдар
Бұл Заңда мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалануға бағытталған қызмет (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық қызмет);
энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметтi құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу;
энергия үнемдеу технологиялары, жабдықтары және материалдары қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн технологиялар, жабдықтар мен материалдар;
отын-энергетика ресурсы - техника мен технологияның дамуының белгiлi бір деңгейiнде пайдаланылатын немесе пайдалы түрде қолданылуы мүмкiн энергия көзi;
Редакция документа
Демо – версия документа