«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы № 104 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2009 жылғы 26 мамырдағы № 104 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 Қаулысымен күші жойылды
Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5339 тіркелген, 2008 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілерінің № 11 жинағында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3, 4 -тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері:
1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
1.10.2009 жылғы жағдай бойынша әр қайсысының меншікті капиталының мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден кемді құрайтын жұмыс істейтін банктер үшін:
Астана және Алматы қалаларынан тыс қайта тіркелуі;
Документ утратил силу
Демо – версия документа