«Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 Қаулысы (2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының
2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 140 Қаулысы
(2009.29.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 383 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғы капиталының мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
2. Меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері белгіленсін:
жаңадан құрылатын, оның ішінде Агенттіктің банк ашу жөніндегі рұқсатын алған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.26.05. № 104 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.29.10. № 264 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың мынадай ең аз мөлшері:
1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін, тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
2) 2009 жылғы 1 қазаннан бастап:
банктер, оның ішінде жаңадан құрылатын банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңге мөлшерінде;
тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде;
Документ утратил силу
Демо – версия документа