«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 815 Жарлығы (2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 32, 421-құжат; 2002 ж., № 44, 436-құжат; 2003 ж., № 45, 487-құжат; 2004 ж., № 21, 266-құжат; № 51, 671-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 42, 465-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамына мыналар енгізілсін:
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы |
Нүкетаева Динар Жүсіпәліқызы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы (келісім бойынша); |
көрсетілген Комиссия құрамынан: Д.Қ.Мыңбай, Ж.А.Досқалиев шығарылсын;
2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 9, 92-құжат; 2004 ж, № 14, 171-құжат; № 51, 671-құжат; 2005 ж, № 43, 573-құжат; 2006 ж, № 35, 374-құжат; 2007 ж., № 3, 36-құжат, № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 4, 43-құжат, № 20, 182-құжат, № 42, 465-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:
Мәми Қайрат Әбдіразақұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуроры, |
Демо – версия документа