(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2006.08.07 № 146 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны
және айырым белгілері туралы
Осы редакция 2009 жылғы 19 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны мен айырым белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 215 Жарлығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2006 жылғы шілденің 8-і.
№ 146
Президентінің
2006 жылғы 8 шілдедегі
№ 146 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері
мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысаны
және айырым белгілері үлгілерінің сипаттамасы мен суреттерi
Әскери киім нысаны және айырым белгілерін сипаттаған кезде
пайдаланылатын ұғымдар
Осы қосымшада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
амуниция - қаруларды, оқ-дәрілер мен басқа да әскери жабдықтарды алып жүруді жеңілдететін әскери киім нысанының заттары (белбеулер, шағын сөмкелер, жақпарлы кеудешелер);
Редакция документа
Демо – версия документа