(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 МАУСЫМДАҒЫ № 557 ҚАУЛЫСЫ
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 557 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 14 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 30 маусымдағы
№ 557 қаулысымен
Бекітілген
Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттар мен қалдық түрлерінің тізбесі
1. Эмиссиялар нормативтері белгіленетін және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін ақы алынатын ластаушы заттардың тізбесі
Атмосфералық ауаны ластайтын заттар
1. Күкірт диоксиді мен күкірттің басқа да қосылыстары.
2. Азот оксиді мен азоттың басқа да қосылыстары.
3. Оттегі тотығы.
4. Ұшпалы органикалық қосылыстар.
5. Металдар мен олардың қосылыстары.
6. Тотияйын мен оның қосылыстары.
7. Цианидтер.
8. Хлор және оның қосылыстары.
9. Фтор және оның қосылыстары.
10. Шекті көмірсутегілер.
11. Меркаптандар.
12. Күкіртті сутегі.
Редакция документа
Демо – версия документа