(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 17 ШІЛДЕДЕГІ № 601 ҚАУЛЫСЫ
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі;
2) Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 931 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 36, 398-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы17 шілдедегі
№ 601 қаулысымен
Бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзірленді және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны беру, қайта ресімдеу, тоқтату тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша беріледі.
3. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды.
4. Лицензиялардың бланкілерін сатып алуды, есепке алуды және сақтауды лицензиар жүзеге асырады.
5. Лицензияға лицензиардың уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қояды және оның мөрімен куәландырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа