Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.28.01 № 73 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы № 73 қаулысы

(2007.21.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы  29 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Үкiметтің кейбір шешiмдерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. К. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2005 жылғы 28 қаңтардағы

№ 73 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдеріне

енгiзiлетін өзгерістер мен толықтыру

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының арасындағы бұдан арғы ынтымақтастық туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 9 сәуірдегі № 306 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж., № 11, 84-құжат):

1, 3, 5, 6-тармақтардағы «Ақпарат» деген сөз «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын;

2-тармақтағы «Ақпарат бiрiншi вице-министрi Олег Григорьевич Рябченко» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт бiрiншi вице-министрi Рүстем Қабидоллаұлы Жоламан» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 14 тамыздағы № 769 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 28, 238-құжат):

7-тармақтың екiншi абзацындағы «Ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет, ақпарат және спорт» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1261 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку