(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 18 ШІЛДЕДЕГІ № 606 ҚАУЛЫСЫ
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 шілдедегі № 606 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 49, 527-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 915, 102-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 18 шілдедегі
№ 606 қаулысымен
Бекітілген
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй
ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа