Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 24 қаулысы (2010.01.11. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 24 қаулысы

(2010.01.11. берілген өзгерістермен)

 

«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2010.01.11. № 88 Қаулысымен күші жойылды (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

1-бөлімде:

1-тармақ «арнайы қаржы компанияларының» деген сөздерден кейін  «, исламдық арнайы қаржы компанияларының» деген сөздермен толықтырылсын;

4-тармақтың 6-тармақшасы «Арнайы қаржы компанияларының» деген сөздерден кейін «және исламдық арнайы қаржы компанияларының» деген сөздермен толықтырылсын;

2-бөлімде:

1-тарауда:

1270 84 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

«1270 91 Мүлікті жалға беруден есептелген кірістер»;

1280 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шоттармен толықтырылсын:

«1280 92 Исламдық арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері

1280 93 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға (қаржы лизингіне) берілген бөлінген активтері

1280 94 Исламдық арнайы қаржы компаниясының жалға берілген бөлінген активтерінің амортизациясы

1280 95 Исламдық арнайы қаржы компаниясының инвестициялық жобалардағы бөлінген активтері»;

4-тарауда:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции