(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2009.20.03 № 24 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына исламдық арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есебі және қаржылық есептілікті жасауы мәселелері жөнінде толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 20 наурыздағы № 24 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 1 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 32-6-бабының 13-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компанияларының жылдық қаржылық есебінің тізбесі және нысандары туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 110 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4482 тіркелген; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4905 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ипотекалық ұйымдардың, арнайы қаржы компанияларының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есептілік нысандары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 84 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
тақырып «Арнайы қаржы компанияларының» деген сөздерден кейін «және исламдық арнайы қаржы компаниясының» деген сөздермен толықтырылсын;
кіріспедегі «және «Секьюритилендіру туралы» деген сөздер, «Секьюритилендіру туралы» және «Бағалы қағаздар рыногы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац «Арнайы қаржы компанияларының» деген сөздерден кейін «және исламдық арнайы қаржы компаниясының» деген сөздермен толықтырылсын;
жетінші абзац мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа