(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2005.01.09. № 1641 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың
және пайдаланудың орта мерзiмді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы»
(2007.29.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Ә. Назарбаев
|
Астана, Ақорда, 2005 ж. қыркүйектің 1-і.
№ 1641
Президентінің
2005 жылғы 1 қыркүйектегi
№ 1641 Жарлығымен
мақұлданды
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта
мерзiмдi перспективаға арналған
тұжырымдамасы
Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету мәселесi.
Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы № 402 Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.
Редакция документа
Демо – версия документа