Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ 2006.26.07. № 273 БҰЙРЫҒЫ

«Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 26 шілдедегі
№ 273 Бұйрығы

 

Осы редакция 2009 жылғы 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібі бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1876 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланды, 2002 ж., № 30, 650-құжат);

2) «2002 жылғы 30 мамырдағы № 248 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 17 қазандағы № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2025 болып тіркелді) күші жойылған деп танылсын.

3. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрық 2006 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Н. Коржова

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2006 жылғы 26 шілдедегі

№ 273 бұйрығы бекітілген

 

Аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «аудитор» біліктілік куәлігін алу үшін аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) аттестаттау - Қазақстан Республикасының аудиторлығына кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) ережелердің 6-тармағында көрсетілген пән бойынша біліктілік емтихандар тапсыру арқылы аудиторлыққа кандидаттардың біліктілік деңгейін анықтауы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку