(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 24.12.01 Ж. № 1685 ҚАУЛЫСЫ
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Қазақстан Республикасының
Заңын iске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 29.12.02 ж. № 1440 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
"Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу ережесi бекітілсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бiр айлық мерзiмде жергiлiктi өкiлдi органдармен келісім бойынша Учаскелік комиссиялар туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн;
атаулы әлеуметтiк көмектi алу үшiн өтiнiш берушiнiң отбасының құрамы туралы мәлiметтi куәландыратын уәкiлеттi органды белгiленген тәртiппен анықтасын;
өтiнiш берушiлердің атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындату үшiн ұсынатын құжаттарын тегiн куәландыруды белгіленген тәртiппен қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнің күшi қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ.Тоқаев |
Үкіметінiң
2001 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1685 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектi
тағайындау және төлеу
ережесi
Осы Ереже "Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрi - Заң) мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмектi (бұдан әрi - атаулы әлеуметтiк көмек) тағайындау және төлеу тәртібін белгiлейдi.
1. Жалпы ережелер
1. Заңның 2-бабында көрсетiлген жеке адамдардың атаулы әлеуметтiк көмектi алуға құқығы бар.
2. Атаулы әлеуметтiк көмек жергiлiктi бюджеттердің қаражаты есебiнен ақшалай нысанда көрсетiледi.
Редакция документа
Демо – версия документа