(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.25.03 № 283 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 283 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығының 4-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 25 наурыздағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналарға:
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына - бес таңбалы нөмірі бар телефондарды;
орталық мемлекеттік органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына; орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаларға); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің саяси мемлекеттік қызметшілеріне; ведомстволардың басшыларына - үкіметтік АТС-тың (ҮАТС) төрт таңбалы нөмірі бар телефондарын;
Редакция документа
Демо – версия документа