(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.23.12 № 1247 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 220 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1247 Қаулысы
(2008.07.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 желтоқсандағы № 220 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «ҚазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ) құрылсын.
2. «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі мәні акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды тиімді басқару жолымен Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды ынталандыру болып белгіленсін.
3. Қоса беріліп отырған:
1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;
2) акцияларының мемлекеттік пакеттері «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
«ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсін;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп:
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ жарғылық капиталын 2007 жылға арналған республикалық бюджет қаражаты есебінен 300000000 (үш жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
Редакция документа
Демо – версия документа