Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001.26.06. № 643 ЖАРЛЫҒЫМЕН БЕК...

Осы редакция 2009 жылғы 13 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2007.27.02. № 292 Жарлығымен қосымшамен толықтырылды

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2001 жылғы 26 маусымдағы

№ 643 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

Сот жюриі туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Сот жюриі туралы осы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және Сот жюриінің өкілеттіктерін, құрылу тәртібін, жұмысын ұйымдастыруды және қызметін айқындайды.

2. Әркімнің сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын қамтамасыз ету мақсатында, жұмыс істеп жүрген судьяның кәсіби жарамдылығын анықтау үшін алқалы орган ретінде Сот жюриі құрылады.

3. Сот жюриінің мүшелері өз қызметінде тәуелсіз және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Ережеге бағынады.

4. Сот жюриінің қызметіне араласуға және оның мүшелеріне ықпал етуге жол берілмейді. Сот жюриінің мүшесі өзіндегі іс материалдары, қабылданған шешімдер бойынша қандай да бір ақпарат беруге хақылы емес.

 

 

2. Сот жюриін құру тәртібi

 

5. Сот жюриінің құрамын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша жұмыс істеп жүрген судьялардың, сондай-ақ орнынан түскен судьялардың қатарынан балама негізде жасырын дауыс беру арқылы үш жыл мерзімге Жоғарғы Соттың жалпы отырысы сайлайды.

Сот жюриінің құрамына төраға және Сот жюриінің алты мүшесі енеді.

6. Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық ұсынылған кандидаттар енгізіледі. Басқа кандидаттарға қарағанда көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку