Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы (2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы

(2023.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «АІЖК-нің», «АІЖК» деген сөздер «АПК-нің» деген сөзбен ауыстырылды, «159» деген цифрлар «156» деген цифрлармен ауыстырылды (бұр.ред.қара);

ҚР Жоғарғы Сотының 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша:

«талапты», «талапкердің», «талапкер», «Талапкер», «талапкерден» деген сөздер тиісінше «талап қоюшының», «талап қоюшы», «Талап қоюшы», «талап қоюшыдан», «талап қоюды» деген сөздермен ауыстырылды, «талап арызды», «талап арыз» деген сөздер тиісінше «талап қоюды» «талап қою» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауды реттейтін заң актілерін сот практикасында біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі - АПК) және басқа да заң актілерінде қарастырылған жауапкердің (борышкердің) сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу шараларын азаматтық сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп түсіну керек.

Қабылданған қамтамасыз ету шаралары жауапкер-заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді банкроттыққа ұшыратуға, қалыпты өндірістік қызметті бұзуға, басқа тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға, рейдерлікке жол беруге (жауапкердің мүлкін заңсыз тартып алуға) әкеліп соқтырмауы керек.

ҚР Жоғарғы Сотының 2017.31.03. № 2 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.07.12. № 4 Нормативтік қаулысымен (2023 ж. 28 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции