(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚА...
Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 2 Нормативтік қаулысы
(2014.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық істер бойынша қамтамасыз ету шараларын қабылдауды реттейтін заң актілерін сот практикасында біркелкі түсіну және қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) және басқа да заң актілерінде қарастырылған жауапкердің (борышкердің) сот актілерін мәжбүрлеп орындатуды қиындатуы немесе болдырмауы мүмкін әрекеттерінің жолын кесу шараларын азаматтық сот ісін жүргізудегі қамтамасыз ету шаралары деп түсіну керек.
Қабылданған қамтамасыз ету шаралары жауапкер-заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді банкроттыққа ұшыратуға, қалыпты өндірістік қызметті бұзуға, басқа тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға, рейдерлікке жол беруге (жауапкердің мүлкін заңсыз тартып алуға) әкеліп соқтырмауы керек.
2. Аралық соттың талқылаумен қаралатын істер бойынша талапты қамтамасыз ету шараларын сот АІЖК-нің 15-бабында қарастырылған барлық ережелерді сақтай отырып, борышкердің немесе аралық (арбитражды) соттың орналасқан жері бойынша қабылдайды.
Талапты қамтамасыз ету туралы арызды қараған кезде сот қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы арыз берген тұлғаның талабы бойынша аралық (арбитражды) соттың іс қозғағанын анықтап тексеруге міндетті.
ҚР Жоғарғы Сотының 2011.30.12. № 5 Нормативтік қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қамтамасыз ету шаралары:
1) мүліктік немесе мүліктік емес сипаттағы (АІЖК-нің 25-29-тарауларында қарастырылған ерекше талап қою бойынша жүргізілетін істер жөніндегі арыздар) талаптардың орындалуын;
2) сот шешімдерінің орындалуын;
3) бітімгершілік келісімдерін бекіту туралы сот ұйғарымдарының орындалуын;
4) атқару құжаттарының мәжбүрлеп орындатылуын қамтамасыз ету үшін қабылданады.
Редакция документа
Демо – версия документа