Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 19 АҚПАНДАҒЫ № 165 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 165 Қаулысы

 

Осы редакция 2009 жылғы 30 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 19 ақпандағы

№ 165 қаулысымен

Бекітілген

 

Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін

әкелу (импорттау) ережесі

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі, ветеринария және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес әзірленді.

2. Осы Ереженің талаптары Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуді (импорттауды) жүзеге асыратын барлық субъектілерге қолданылады.

3. Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік тіркелуге тиісті тамақ өнімдерін әкелуге (импорттауға), тіркеу сынақтарын өткізу үшін қажетті үлгілерді әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, олар мемлекеттік тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

4. Ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының шекарасы мен көлігінде алғаш рет әкелінетін (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын бақылауды жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку