(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.21.12 № 1245 ҚАУЛЫСЫ
2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1245 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 2 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 6-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. «2006-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі № 706 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1245 қаулысымен
бекітілген
2007 - 2011 жылдарға арналған
«Қазақстан балалары» бағдарламасы
Мазмұны
3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Редакция документа
Демо – версия документа